bmdiedu

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
АБАЙ

«Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында өткізілген курс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген  «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық даму жоспарының (жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, стратегиялық көрсеткіштер) 3 ұлттық басымдығы бар. Ұлттық жобаның алға қойған басымдығында көрсетілген 3-міндеті: «Білім беру сапасын арттыру» Бұл аса маңызды әрі өзекті мәселе. Соның ішінде «Физика» пәнін құзіреттілік  контекстінде оқыту күн тәртібінен түскен емес.

Осыған орай, Білім мазмұнын дамыту институты 2022 жылдың 23-31 наурызы аралығында «Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында онлайн курс өткізді. Курс  барысында спикер Абай атындағы ҚазҰПУ, Математика, физика және информатика институты «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Рыстыгулова Венера Ботабаевна мұғалімдерді ең керекті ақпараттармен қамтамасыз етіп,  оларды толғандырған түрлі сұрақтарға жауап берді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында жүргізілетін курс алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp
Опубликовано
В рубрике 001

Добавить комментарий