bmdiedu

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
АБАЙ

«Жаңартылған білім беру аясында сабақты тиімді жоспарлау, бағалаудың компоненттері» тақырыбында семинар өтті

       Ағымдағы жылдың 25 тамызында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының ұстаздарына арналған семинар өтті. Семинар спикері ретінде «Өрлеу» БАҰО» Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м тренері, институтымыздың серіктес ғалымы Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна шақырылды. Семинарға 35 ұстаз қатысты. Семинар барысында орта білім беру мазмұнына байланысты бірқатар тақырыптар қозғалды. Ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында мектеп директоры институтпен бірге жобалар атқаратынына сенім білдірді. 

Добавить комментарий