Ағымдағы жылдың 31-қаңтары мен 5-ақпаны аралығында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен «Сандық сауаттылық: цифрлық платформаларды сабақ барысында тиімді пайдалану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс спикері: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы — Әбеу Нұргелді. Курс барысында болатын PresentationTube, supa, class flow, udoba, zipgrade, quizalize, learningapps сынды платформалар таныстырылды. Сонымен қатар аталған платформаларды сабақ барысында тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.