2023 жылдың 27-ақпаны мен 4 наурызы аралығында орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс барысында төл технология авторы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы 41 мұғалімге дәріс оқып, семинар жүргізді. Қазақ тіл біліміндегі Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис салаларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде оқытуды үйретті. Оқу материалдарының әрбір бөлім, тарау және параграф мазмұнына байланысты грамматикалық талдаудың жеке және тұтас жүйелі схема үлгілерімен талдап дағдыланған оқушыларға талдау жүргізу онша қиындыққа түспейтінін нақты дәлелдермен көрсетті.
Курсқа қатысқан мұғалімдер технологияның жан-жақтылығын түсініп, соның ішінде көру арқылы қабылданған білім жадыда ұзақ сақталатынына көз жеткізді. Сонымен қатар, қажетті тұста қайта жаңғыртып еске түсіруде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясындағы схеменың көмегін көрді.