Ағымдағы жылдың 18-ақпанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттер арасында «Неге ұстаз болғым келеді» тақырыбында эссе байқауының марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға университет ректоры Г.Қанай, белгілі ғалым М.Атабаева, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы қатысты. Іс-шара барсында Білім мазмұнын дамыту институтының қолдауымен жарық көрген Оспанов Еділбайдың «Эссе және оның түрлері» оқу құралының таныстырылымы өтті. Институт директоры байқау жеңімпаздарына «Эссе және оның түрлері» оқу құралын табыстады.