2021 жылдың желтоқсан айының 13-жұлдызында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында институт директоры Б. Айткаримов ынтымақтастық кездесулер өткізді. Кездесулер лентасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен бастау алып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен жалғасын тапты. Сонымен қатар Жетісу аудандық білім бөлімі, ауылдық және қалалық орта білім беру ұйымдары басшыларымен де жүздесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мүдделері жан-жақты талқыға түсіп, тың қадамдар жасалды. Институт директоры барша ынтмақтастарға алғыс хаттар табыстады.
Ынтымақтастық кездесулер
