bmdiedu

«Lesson Study (сабақты зерттеу) үдерісі: тәжірибе, ізденіс, нәтижелер» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы бекітілген № 390 қаулысының 4-тарауында:  «Педагогтердің, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің, психологтардың кәсіптік дамуындағы маңызды құрамдас әртүрлі бағыттар: оқыту әдістемесі мен технологиялары, Lesson Study /Action Research, бағалау жүйесі мен басқа да кәсіптік қажеттіліктер бойынша педагогтердің жұмыс істеп жүрген құрамының біліктілігін тұрақты түрде арттыру болып табылады» деп көрсетілген.

          Осыған орай, 2023 жылдың 13-18 ақпаны аралығында Білім мазмұнын дамыту институты орта білім беру ұйымының мұғалімдеріне арналған «Lesson Study (сабақты зерттеу) үдерісі: тәжірибе, ізденіс, нәтижелер» біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс барысында сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап, жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту үйретілді. Курсқа орта білім беру ұйымдарынан 58  мұғалім қатысты. Курс соңында мұғалімдерге арнайы сертификат табысталды.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий