Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Наурызбай аудандық білім бөлімі мен Білім мазмұнын дамыту институтының Ынтымақтастық мемарандумы негізінде, 2023 жылдың 25 ақпанында №174 мектеп-гимназия базасында ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Эссе жазудың негіздемесі мен дағдылары» тақырыбында тегін семинар өтті. Семинар алдында аудандық білім бөлімі басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы спикер Оспанов Еділбай Тілеубайұлымен қазіргі таңдағы білім мәселесі жөнінде тілдесті. Қордаланған мәселелер туралы ой алмасты.
Белгіленген уақытта аудандық білім бөлім басшысы С. Кусаинова сөз алып семинардың алғы сөзін сөйледі. Сосын сөз кезегін спикер ф.ғ.к.,»Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым»,»Эссе және оның түрлері» еңбектерінің авторы Е. Оспановқа берді. Өз кезегінде спикер жоспарланған тақырып аясында дәріс оқыды. Семинар барысында қазіргі таңдағы эссе жазудағы негізгі проблеммалары, оны шешудің жолдары, эссе тақырыптарын дұрыс беру, эссе құрылымын сақтау, оқушыларды қарапайым жазуға үйрету мәселелері сөз болады. Мұғалімдер өздерін толғандарған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp