bmdiedu

«Эссе жазудың негіздемесі мен дағдылары» тақырыбында семинар өтті

         2023 жылдың 11-сәуірінде  Білім мазмұнын дамыту институты белгілі ғалым Оспанов Еділбайдың «Эссе жазудың негіздемесі мен дағдылары» тақырыбында  семинарын Алматы облысында орналасқан «Қапшағай-Балдәурен» РОСО – да өткізді. Семинар барысында «Қапшағай-Балдәурен» РОСО мұғалімдеріне эссе жазу бойынша әдістемелік көмек берілді.

        Семинарға  «Қапшағай-Балдәурен» РОСО-дан  16 тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар эссе жайлы толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Автор эссе туралы мазалайтын біршама сұрақтарға дәлелдер арқылы, мысалдар келтірумен жауап берді.

       Вебинар соңында тыңдаушылар Еділбай Оспановқа және Білім мазмұнын дамыту институтына өз алғыстарын жеткізді.

    «Қапшағай-Балдәурен» РОСО мен Білім мазмұнын дамыту институты арасындағы ынтымақтастық бұдан әрі әртүрлі жобалар арқылы өз  жалғасын табады.

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp

Добавить комментарий