bmdiedu

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
АБАЙ

Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ІІІ халықаралық ауызша командалық олимпиадасы өтті

    2023 жылдың 20 мамырында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қонаев қаласында орналасқан, «Балдәурен-Қонаев» РОСО-да (республикалық оқу-сауықтыру орталығы) «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ІІІ халықаралық командалық олимпиадасы өтті.

   Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті Грищенко Валентина Федоровна, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Балтабаева Жаналик Клышевна, құттықтау сөз сөйледі.

   Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен командаларға Балтабаева Жаналик Клышевна, Есенова Калбике Умирбаевна, Мұхамади Құралай Төлегенқызы, Бейсенбекова Гулназ Турлыбаевна, Бакбергенова Роза Кожабаевна, Сатемирова Дарига Амантаевна, Нуптекеева Гулназ Байгонаковна, Жайкина Нұргүл Орынбасаровна, Құсайынова Салтанат Амангелдіқызы, Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы, Ағыбаева Ұлжалғас Бұрханқызы, Тайгарина Гульмира Кадрбековна, Кубиева Нургуль Пангереевна, Коспаева Дания Қайыпбековна, Қондыбай Медет Манасұлы Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы секілді білікті басшылар мен білімді ұстаздар әділқазылық жасады.

    Олимпиадаға 215 оқушы, 73 команда, 60 жетекші қатысты. Атап айтар болсақ Моңғолия халық республикасы, Астана қаласы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда облысынан келген  командалар бақ сынады. Олимпида жоғары деңгейде тартысты өтті. Барлық командалар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы үлкен тартыспен жеңімпаздарды анықтады. Олимпиада соңында барлық қатысушыларға, олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Сонымен бірге жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Добавить комментарий