bmdiedu

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
АБАЙ

«Іскер ұстаз» республикалық байқауы өтті

      Білім мазмұнын дамыту институтының бастамасымен 2023 жылдың 5 қазанында «Іскер ұстаз» республиукалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. Жоба қыркүйек айында бастау алған. Жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 ұстаз қатысты. Солардың ішінен іріктеліп 50 ұстаз ақтық мәреге жетті. Жобаның қайнар көзі Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы  2023 жылдың тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде  «1000 көшбасшы» карлық резерв жобасынан басталды. Осы жоба аясында орта білім беру ұйымдарындағы, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы ұстаздардың  жасаған жұмыстарын көрсетіп, атқарған игі істерін елге таратып, кадрлық резерв құрамына кіретіндей іскерлігін көрсету «Іскер ұстаз» республиукалық байқауының негізі мақсаты еді. Сол мақсат жетегінде орта білім беру ұйымдарының ұстаздарына 2 кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырылды. Байқау шарттары мен талаптарын нақты орындаған 50  ұстаз қорытынды кешке шақырылды.

    Салтанатты марапаттау кешіне белгілі ғалым «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы  п.ғ.д., профессор  Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы ғалым филология ғылымдарының кандидаты Оспанов Еділбай, «Өрлеу» БАҰО республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м., тренер Арзымбетова Салтанат Жақсылыққызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м., Булабаева Сәуле қатысты. Марапаттау кешіне қатысқан ғалымдар мен әдіскерлер қатысушы ұстаздарды мерекесімен құттықтап, үздік танылған ұстаздарға «Іскер ұстаз» төсбелгісін табыстады. Сонымен қатар 1 мұғалімге Дубайға жолдама берілді. Қорытынды сөзді институт директоры Айткаримов Бауыржан сөйледі. Барлық қатысушыларды құттықтап, 2024 жылғы болатын «Іскер ұстаз» республикалық байқауының бұдан да биік дәрежеде өтетінін атап өтті.   

Добавить комментарий