bmdiedu

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
АБАЙ

«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагогикалық -психологиялық қолдау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті

       Білім мазмұнын дамыту институты 2023 жылдың 18-23 желтоқсаны аралығында  орта білім ұйымдарының мұғалімдеріне «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагогикалық -психологиялық қолдау жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курсқа орта білім беру ұйымдарынан 48 мұғалім қатысты. Курс спикерлері Булабаева Сауле Талгатовна, Қосылған Эльнура Қосылғанқызы орта білім беру ұйымдарының ұстаздарының мектепте инклюзивті ортаны құру бойынша теориялық және практикалық білімдерін жетілдіре отырып, жалпы мектеп мұғалімдерінің инклюзивті мәдениеті, оның құрылымдық компоненттері туралы кеңінен ақпарат берді.

Добавить комментарий