Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы бекітілген № 390 қаулысының 4-тарауында: «Педагогтердің, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің, психологтардың кәсіптік дамуындағы маңызды құрамдас әртүрлі бағыттар: оқыту әдістемесі мен технологиялары, Lesson Study /Action Research, бағалау жүйесі мен басқа да кәсіптік қажеттіліктер бойынша педагогтердің жұмыс істеп жүрген құрамының біліктілігін тұрақты түрде арттыру болып табылады» деп көрсетілген.
Осыған орай, 2023 жылдың 13-18 ақпаны аралығында Білім мазмұнын дамыту институты орта білім беру ұйымының мұғалімдеріне арналған «Lesson Study (сабақты зерттеу) үдерісі: тәжірибе, ізденіс, нәтижелер» біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс барысында сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап, жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту үйретілді. Курсқа орта білім беру ұйымдарынан 58 мұғалім қатысты. Курс соңында мұғалімдерге арнайы сертификат табысталды.