Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы бекітілген № 390 қаулысының 4-тарауында: «Педагогтердің, әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің, психологтардың кәсіптік дамуындағы маңызды құрамдас әртүрлі бағыттар: оқыту әдістемесі мен технологиялары, Lesson Study /Action Research, бағалау жүйесі мен басқа да кәсіптік қажеттіліктер бойынша педагогтердің жұмыс істеп жүрген құрамының біліктілігін тұрақты түрде арттыру болып табылады» деп көрсетілген.
Осыған орай, 2023 жылдың 7-ақпанында Білім мазмұнын дамыту институты орта білім беру ұйымының мұғалімдеріне арналған «Lesson Study/Сабақты зерттеу: теория мен тәжірибе» тақырыбында тегін вебинар өткізді. Вебинар барысында сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап, жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту туралы ақпарат берілді. Вебинарды білікті маман Ангаралиева Перуза Байрамовна жүргізді. Вебинарға орта білім беру ұйымдарынан 200 мұғалім қатысты. Қатысушылар сұрақ қойып, маңызды сұрақтарының тиімді жауаптарын алды.