bmdiedu

«PISA дегеніміз не және ол Қазақстан мектептеріне қажет пе?» тақырыбында өткен вебинар

Ағымдағы жылдың 19-ақпанында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының «Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA)» екінші міндеті аясында «PISA дегеніміз не және ол Қазақстан мектептеріне қажет пе?» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық тыңдауышы қатысты. Вебинар спикері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Уорик Университетінде Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент бойынша, Білім және Ғылым Министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығында» ICILS (Халықаралық компьютерлік сауаттылығын зерттеу) бойынша ұлттық үйлестіруші, жоба менеджері болып қызмет атқарған Солтанбекова Арайлым Султановна болды. Вебинар барысында «PISA тарихына қысқаша шолу, Халықаралық зерртеушілер PISA туралы не айтуда, PISA білім сапасы туралы шынайы ақпарат бере ме? PISA бақылауына қалай дайындалу керек және қандай іс-әрекеттер жасамау керек?» сұрақтары тақлыланды. Вебинар қатысушылары маңызды сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Вебинар соңында институт директоры Б. Айткаримов сөз сөйлеп, қатысушыларға сертификат табыстады.
Опубликовано
В рубрике 001

Добавить комментарий