«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында өткізілген курс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық даму жоспарының (жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, стратегиялық көрсеткіштер) 3 ұлттық басымдығы бар. Ұлттық жобаның алға қойған басымдығында көрсетілген 3-міндеті: «Білім беру сапасын арттыру» Бұл аса маңызды әрі өзекті мәселе. Соның ішінде «Дене шынықтыру» пәнін құзіреттілік контекстінде оқыту күн тәртібінен түскен емес.
Осыған орай, Білім мазмұнын дамыту институты 2022 жылдың 14-25 ақпаны аралығында «Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында онлайн курс өткізді. Курс барысында мұғалімдерге ең керекті ақпараттар беріліп, сұрақтарға жауап берілді. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жоба аясында жүргізілетін курс алдағы уақытта өз жалғасын табады.