Ағымдағы жылдың 25 тамызында Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында орналасқан Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының ұстаздарына арналған семинар өтті. Семинар спикері ретінде «Өрлеу» БАҰО» Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м тренері, институтымыздың серіктес ғалымы Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна шақырылды. Семинарға 35 ұстаз қатысты. Семинар барысында орта білім беру мазмұнына байланысты бірқатар тақырыптар қозғалды. Ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында мектеп директоры институтпен бірге жобалар атқаратынына сенім білдірді.
Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp