2023 жылдың 22 сәуірінде Білім мазмұнын дамыту институтының және Алматы қаласы, Наурызбай аудындық білім бөлімінің қолдауымен №174 мектеп-гимназиясында ғалым, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың ашылу салтанатында Наурызбай аудындық білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Балтабаева Жаналик Қылышқызы, құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен командаларға филология ғылымдарының– Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры педагогика ғылымдарының докторы Балтабаева Жаңалық Қылышқызы, Мұхамади Құралай Төлегенқызы, Нуптекеева Гулназ Байгонаковна, Маликова Арнагүл Мусразовна, Таукенова Бейбитгул Ясыновна, Алибаева Меруерт Сәрсебекқызы Нұрғали Сауле секілді білікті басшылар мен білімді ұстаздар әділқазылық жасады.
Олимпиадаға 98 оқушы, 18 команда қатысты. Атап айтар болсақ Алматы қаласы, Алматы облысынан келген командалар бақ сынады. Олимпида өз деңгейінде тартысты өтті. Барлық командалар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы үлкен тартыспен жеңімпаздарды анықтады. Олимпиада соңында барлық қатысушыларға, олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Сонымен бірге жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Аймақтық олимпиададан үздік шыққан командаларға халықаралық кезеңге жолдама берілді.